Популярные тэги

Қытай телеарнасында Димаштың тырнақалды жобасының тұсауы кесіледі

Әнші ақжолтай жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіншіледі.


28/01/2026
12:04 148 0

«5 ақпанда Hunan TV телеарнасында менің атқарушы продюсер ретіндегі қатысуыммен жүзеге асқан «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық жаңа жобаның тұсауы кесіледі. Осыдан тоғыз жыл бұрын Hunan TV арнасындағы «Singer» жобасы менің әлемдік аудиторияға шығуыма жол ашты. Бүгін дәл осы арнада жаңа шоуды іске қоса отырып, мен әлемдік музыка кеңістігінде жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік бергім келеді», - деп жазды өнер иесі.

 

Жобаның мақсаты

 

Димаш Құдайбергеннің айтуынша, «Voice Beyond Horizon» жобасына әртүрлі мемлекеттерден келген сегіз вокалист қатысады. Жоба барысында олардың өнері ғана емес, көрермендердің шынайы эмоциялары арқылы Қазақстанды Димаштың өз болмысымен, өз сезімімен таныстыру көзделген.

 

Жобаның негізгі екі мақсаты бар:

  • әлем жұртшылығын Қазақстанның мәдени кеңістігімен таныстыру;
  • болашақта әлемдік деңгейде танылатын жаңа жұлдыздың үлкен сахнаға шығуына мүмкіндік жасау.

 

Айта кетейік, бұдан бұрын Димаш Құдайбергеннің испаниялық опера әншісі Пласидо Доминго және хорват виолончелисті HAUSER-мен бірге өнер көрсететіні хабарланған. Концерт 2026 жылдың 18 сәуірінде Будапеште өтеді.

Поделиться

Нет комментариев.

28/01/2026 12:04
148 0

Уведомление